jitsu gif

Абай облысында үшемді болған отбасыға пәтер берілді

Көпбалалы отбасы
Көпбалалы отбасы. Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Абай облысында көпбалалы отбасыға Семей қаласынан баспана берілді. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің ресми Telegram арнасында хабарланды.

Әкімдіктің хабарлауынша, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев үшемді қосқанда 8 балалы болған жас отбасына 3 бөлмелі пәтерді сыйлаған.

Көпбалалы отбасы мен облыс әкімдігінің мүшелері
Көпбалалы отбасы мен облыс әкімдігінің мүшелері. Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

"Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры" - деген дана халқымыз баланы байлық пен берекеге балаған. Сіздер қасиетті Абай жерінде дүние есігін ашқан тұңғыш үшемнің ата-анасы атанған бақытты жансыздар. Келешекте Бегімай, Бек-Мұхаммед пен Бегайым үміттеріңізді ақтап, мерейлеріңізді үстем ететін ұлтымыздың ардақты азаматтары болатынына сенімдімін", – деді Нұрлан Ұранхаев.

Берілген пәтердің сертификаты
Берілген пәтердің сертификаты. Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Әкімдік мәліметінше, жас отбасы осы уақытқа дейін Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында пәтер жалдап тұрған. Үшем дүниеге келмес бұрын ерлі-зайыпты 5 баласын тәрбиелеп келген.

Көпбалалы отбасы
Көпбалалы отбасы. Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

"Қуанышымызда шек жоқ. Облыс әкіміне алғыс білдіреміз. Осыдан бірер апта бұрын өзіміздің өтінішімізді айтқан едік. Көп ұзамай міне 3 бөлмелі пәтерге ие болып отырмыз. Кішкене бөбектеріміз үшін бұл үлкен қуаныш. Еліміз, облысымыз дами берсін. Шексіз алғыс айтамыз", – деді көпбалалы отбасы.

Абай облысында үшемді болған отбасыға пәтер берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.