Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот үкімімен ақталған шенеунік Қанат Жұмабаев қызметіне оралды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қанат Жұмабаев
Қанат Жұмабаев. Фото: Facebook / Маңғыстау облысының әкімдігі

Сот үкімімен ақталған Қанат Жұмабаев Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне оралды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Lada.kz хабарлады.

Қанат Жұмабаев қайтадан басқарма басшысы қызметіне кірісіп, қазір жұмысын атқаруда.

"Қанат Жұмабаев 2023 жылдың 19 шілдесінде жұмысына ресми түрде оралды", - деп түсіндірілді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қанат Жұмабаев бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен 2022 жылдың тамызында ұсталған болатын. Ол Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінде істеген кезінде дәл жұмыс орнында ұсталған.

Шенеунік тоғыз айға жуық тергеуде болды. 2023 жылдың мамырында ол ақталып шықты.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Қанат Қошқарбайұлы 1976 жылы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

Жұмабаевта спорт жаттықтырушысы, дене шынықтыру оқытушысы, заңгер мамандығы бойынша үш жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1999 жылы Түпқараған ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо және қазақша күрес тобының жаттықтырушысы болып бастаған.

2001 жылы Түпқараған ауданы дзюдо және қазақша күрес БЖСМ директорының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылға дейін мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында әртүрлі лауазымдарды, соның ішінде бөлім бастығы лауазымын атқарды. Сол жылы Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы да болған.

2019 жылдан бастап Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030127-sot-ukimimen-aqtalgan-seneunik-qanat-zumabaev-qyzmetine-oraldy/