Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олар ұшып кете береді": қазақстандықтар Балқаш әкіміне үндеу жасаған балаға сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Балқаштың жас тұрғыны
Балқаш қаласының жас тұрғыны. Кадрдан үзінді: Instagram / @balqash_qalasy_akimdigi

Балқаштың жас тұрғыны қала әкіміне өтінішпен жүгініп, Қазнет қолданушыларын сүйсіндірді. Әкімдікте баланың өтінішін назарсыз қалдырмай, айтылған мәселені тамыз айында шешуге уәде берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жарияланған видеода футбол формасын киген ұл бала әкімге үндеу жасаған.

"Құрметті біздің Балқаш қаласының әкімі! Футбол алаңының торларын жөндеп беруіңізді сұраймын. Мына тесіктерге қараңызшы, гол соғамыз, бірақ олар (доптар - ред.) алаңнан ұшып кете береді және оларды алу өте қиын", - дейді бала жарияланған видеода.

Оның өтінішіне Балқаш қаласының әкімдігінде жауап берілді.

"Ілияс, сәлем! Біз саған қуанышты жаңалықты айтуа асықпыз.

Тамыз айында сенің өтінішінді орындайтын боламыз. Доппен ойнау саған тек қуаныш әкелуі үшін футбол алаңын жөндейміз. Біз онда жаңа жасанды жабын төсеп, барлық қоршауларды жөндеп, алаңға әдемі көрініс береміз", - деп уәде берді ведомствода.

Жергілікті билік жас азаматқа ақ жол тіледі.

"Саған барлық жақсылықты тілейміз. Сабағынды жақсы оқып, спорт жаттығуларынан қалмай, болашақта биік шыңдардан көріне бер!", – деп атап өтті әкімдікте.

Желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты реакция қалдырып, баланың сөйлеген сөзіне сүйсінді.

"Жарайсың, бала", "Әкімшіліктен соншалықты жылдам жауапты күткен жоқпыз", "Шынымды айтсам, қала әкімшілігі жылдам жауап береді деп ойлаған жоқпын, бұл жаман емес, осымен тоқтап қалмаймыз деп үміттенемін. Балаға сәттілік тілеймін, жарайсыздар", - деп жазды пікір білдірушілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Балқаш қаласының әкімі лаузымына Сапар Сатаев тағайындалғаны туралы жазған едік.

Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған. "Қазақавтожол" РМК-да жұмыс істеді, "Ботақара су қожалығы" КМҚК директорының орынбасары, директордың м. а. болды.

Сондай-ақ 2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әкім ретінде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылын басқарды.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды. Содан кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылғы мамырдан бастап осы тағайындауға дейін Приозерск қаласының әкімі болды.

Бұған дейін Балқашты басқарған Қайрат Қамзин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030134-olar-usyp-kete-beredi-kiskentai-bala-balqas-akimine-undeu-zasap-qaznetti-suisindirdi-video/

pixel