"Базар иелері саудагерлерден ақша жинайды": алматылықтар Досаевқа шағымданды
Жарияланған күні:
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа Алатау ауданының тұрғыны "Кенжехан" базары иелерінің үстінен шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттіктің хабарлауынша, "Кенжехан" базарында жұмыс істейтін тұрғын әкімге базар иелері базарды модернизациялау үшін жалға алушылардан ақша жинайтынын айтқан.
"Базар әкімшілігі бізден ақша жинайды. Базарды өз қаражаттарына саламыз деген болатын, алайда ақшаны халықтан қысым, бопсалау арқылы алып жатыр. Кенжехан базарының бопсалауы қашан тоқтайды. Қала басшысы ретінде бізге назар аударуыңызды сұраймыз", – деді алматылық тұрғын.
Ерболат Досаевтың айтуынша, қалада 56 базар бар, ал "Кенжехан" ең ірілерінің бірі. Қала әкімінің сөзінше, Алматы базарларының дамуы әкімдіктің ерекше бақылауында.
"Кенжехан" осы жылдың 1 қаңтарына дейін жаңғырту жұмыстарын аяқтауы тиіс еді. Бірақ пандемияға және басқа жағдайларға қатысты аяқталмай қалды. Олар базарды жаңғыртуға қатысты шешім қабылдап, қаражат жинайтындарын айтқан болатын. Өкінішке қарай, шарттық қатынастар бар, адамдар қағазға өздері қол қояды", – дейді Ерболат Досаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030145-bazar-ieleri-saudagerlerden-aqsa-zinaidy-almatylyqtar-dosaevqa-sagymdandy/