Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 тамыздан бастап Астана әуежайындағы автотұрақ құны өзгереді

Опубликовано:

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 тамыздан бастап елорда әуежайындағы автотұрақ құны өзгереді. Бұл туралы Астана әуежайы Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

"1 тамыздан бастап елорда әуежайының автотұрақ тарифіне өзгеріс енгізіледі. Тамыз айының басынан P1, P2, P3 аймағындағы автотұрақ бағасы 100 теңгеден 200 теңгеге көтеріледі. Ал P4, P5, P6 аймағындағы көлік тұрағының бағасы сағатына 50 теңгеден 100 теңгеге өзгереді", - делінген хабарламада.

Астана әуежайы әкімшілігінің хабарлауынша, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалған отырғызу-түсіру экспресс жолағын теріс пайдалану фактілерінің көбеюіне және жолаушылардан келген шағымның артуына байланысты 15 минуттық тегін отырғызу-түсіру жолағына тәулік ішінде үшінші рет немесе одан да көп кірген жағдайда жаңа тариф бойынша 300 теңге төленеді.

"Автотұрақ тарифіне өзгеріс енгізуге коммуналдық тарифтердің өсуі себеп. Дегенмен әуежайдағы автотұрақ құны тасымалдаумен айналысатын өзге нысандардағы бағадан едәуір төмен. Ал әуежайдағы жабық тұрақтың құны еш өзгеріссіз қалады", - деп түсіндірді Астана әуежайы әкімшілігі.

Астана әуежайының әкімшілігі ақылы тұрақтарға балама ретінде жабық тұрақтың тура жанында орналасқан тегін тұрақты ұсынатынын, сондай-ақ тегін тұрақ көбіне жартылай бос болатынын атап өтті.

"Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі келушілерден көліктерін қараусыз қалдырмауын, тәртіпсіздікке жол бермеуін және өзге де келушілерге қолайсыздық туғызбауын сұрайды", - деп қосты Астана әуежайының өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030183-1-tamyzdan-bastap-astana-auezaiyndagy-avtoturaq-quny-ozgeredi/

pixel