Әйелдерді жүктіліктің оныншы аптасында есепке қою міндеттелуі мүмкін
Жарияланған күні:
Елімізде әйелдерді жүктіліктің оныншы аптасында есепке қою міндеттелуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі бұл қадам бала денсаулығын ерте қадағалауға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Арна мәліметінше, соңғы он жылда дамуында түрлі ауытқушылығы бар балалар дүниеге екі есе көп келген.
Сонымен қатар арна мәліметінше, алдағы уақытта "Баланың тууы" атты мобильдік қосымша іске қосылмақшы. Оған сәйкес әр ана тіркеуге тұрған 10-шы аптадан бастап, босанғанға дейін әр ай сайын өзінің жай-күйін жазып отырады. Осылайша қосымша арқылы учаскелік дәрігер есепте тұрған жүкті әйелдің жағдайын үнемі бақылауда ұстайды. Қажетті ем-домын жасайды.
Айта кетейік, осыған дейін қазақ халқы өмірге сәби келгенде қандай той жасайтыны жайлы жазылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030206-aielderdi-zuktiliktin-onynsy-aptasynda-esepke-qoyu-mindettelui-mumkin/