Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалақыны 100 пайызға көтеруге уәде берген": "Семей орманы" табиғи резерваты қызметкерлері президентке арыз жазды

Опубликовано:

"Семей орманы" резерватының қызметкері
"Семей орманы" резерватының қызметкері. Көрнекі фото: instagram.com/glpr.semeyormany

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты қызметкерлері президентке арыз жазды. Оларға осы айдың басында жалақыны 100 пайыз көтеруге уәде берілген, деп хабарлайды "Еуразия Бірінші" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Арна мәліметінше, орман қорғаушыларға осы айдың басынан бастап жалақыны 100 пайызға көтеру уәде етілген. Алайда жүргізушілер, радиобайланыс операторлары және басқа да қызметкерлер айтылған уәдеден тыс қалған.

"Еуразия Бірінші" арнасының мәліметінше, бұл мәселеге қатысты экология министрлігі әлі ешқандай мәлімет бермеген.

Айта кетейік, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова 1 шілдеден бастап "Семей орманы" табиғи резерваты қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін айтқан болатын.

Еске салайық, Абай облысындағы ірі орман өрті салдарынан "Семей орманы" табиғи резерватының 14 қызметкері қаза тапқан болатын. Олар ормандағы өртті сөндіруге алғашқылардың бірі болып шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030213-zalaqyny-100-paiyzga-koteruge-uade-bergen-semei-ormany-tabigi-rezervaty-qyzmetkerleri-prezidentke-aryz-zazdy/

pixel