Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамызда қазақстандықтар неше күн демалады

Опубликовано:

Субұрқақ қасында жүрген адамдар
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тамыз айында ел тұрғындарының неше күн демалатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Электронды үкімет" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тамызда қазақстандықтар демалыс күндерінен бөлек, 30 тамызда Конституция күніне орай тағы бір күн демалады.

Биыл Конституция күні сәрсенбіге сәйкес келіп тұр.

Осылайша тамыз айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар жалпы алғанда тоғыз күн ( 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26, 27, 30 тамыз күндері) демалады.

Ал алты күн жұмыс істейтіндер 5 күн ғана демалады.

"Әділет" ақпараттық құқықтың жүйесінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданған.

Сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030287-tamyzda-qazaqstandyqtar-nese-kun-demalady/

pixel