Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бұрынғы медбике ұсталды

Опубликовано:

Күдікті әйел
Күдікті әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкенттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында бұрынғы медбикені ұстады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Медиа-порталдың мәліметінше, бұрынғы медбике қала аумағында психотроптық заттар қойып кетумен айналысты деген күдікке ілінген.

"Жұмысқа" шыққан автоледи полицейлерді байқап, есірткі орамынан тезірек құтылу үшін оны жолдың шетінде тұрған өз көлігінің астына лақтырып жіберген. Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза "синтетика" тапты", - деп жазады басылым.

Есірткі
Тәркіленген есірткі. Фото: polisia.kz

Сондай-ақ басылым ұсталған бойжеткеннің көлігін тексеру кезінде тағы бір шағын орам есірткі тәркіленгенін, бұған қоса көліктің оң жақ еденіндегі кілемшенің астынан құпия орындарды қазуға арналған пышақ табылғанын атап өтті.

Есірткімен күресуші маман Бауыржан Қарбековтың айтуынша, қазір аталған жайт бойынша Еңбекші аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті қамауға алынған.

Сонымен қатар бойжеткеннің жақында ғана медицина саласындағы қызметінен кеткені белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030299-symkentte-buryngy-medbike-ustaldy/

pixel