Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жалаңаштанған ер адам көшедегі гүл суаратын құрылғыға шомылған

Опубликовано:

Өсімдіктерді суаруға арналған құрылғы
Өсімдіктерді суаруға арналған құрылғы. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Шымкентте ер адамның жалаңаш күйде өсімдіктерді суаруға арналған құрылғыда шомылған сәтінің фотосы тарады. Бұл әркеті үшін ер адам жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

Шымкентте автобустағы куәгерлер Қырғыз базар маңындағы аялдамада жалаңаш ер адамның жуынып жатқанын көрген.

Құқық бұзушының фотолары Shymkent Online Telegram арнасында жарияланды.

"Ер адамның қоғамдық орында неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз", - делінген жазбада.

Жергілікті полицейлер әлеуметтік желіні бақылау кезінде орта жастағы ер адамның жазбасын тауып, оған қатысты шара қабылдады.

"Жалаңаш кісі Төле би көшесінің бойындағы жолдың дәл ортасында шомылып жүрген", - делінген хабарламада.

Ведомство хабарлауынша, тәртіп сақшылары құқық бұзушының жеке басын анықтаған. Ол қазір тұрақты тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.

"Оған қатысты ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды", - деді полицейлер.

Сондай-ақ ведомствода полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жіберетіні атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030302-symkentte-zalanastangan-er-adam-kosedegi-gul-suaratyn-qurylgyga-somylgan/

pixel