Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы бірегей қайырымдылық музыкалық жүгіру шарасы өтеді

Опубликовано:

Charity Music Run
Фото: АО "Нурбанк"

2023 жылдың 10 қыркүйегінде, Алматыда жыл сайынғы қайырымдылық музыкалық Charity Music Run жүгіру шарасы өтеді. Дәстүр бойынша жүгіруге қатысқандардан жиналатын қаржы толығымен Педиатрия және балалалар хирургиясы ғылыми орталығына арналған медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

Салауатты өмір салтын ұстанатындарды, жүгіргенді жақсы көретіндерді және әлеуметтік белсенділерді «Charity Music Run» жүгіру шарасына қатысуға шақырамыз.

Бұл жүгіру шарасы музыка мен спорттың қайталанбас мерекесіне айналатыны сөзсіз. Музыкалық топтар жарысқа қатысушыларға ұмытылмас эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлайды. Осылайша, қатысушылар өздерінің физикалық қабілеттерін сынап, қайырымдылық бастамаға қатысып қана қоймай, сонымен қатар Алматының үздік топтарының орындауындағы жанды музыканы тыңдай алады.

Charity Music Run
Фото: АО "Нурбанк"

Айта кету керек, Charity Music Run әркім өзі үшін ең жақсы нұсқаны таңдай алуы үшін әр түрлі қиындық деңгейлері бар қашықтықты қамтамасыз етеді. Ең қысқа 5 км қашықтық бірінші марафонды өткізуге шешім қабылдағандар үшін тамаша таңдау болуы мүмкін.

Марафонға үлкендер ғана емес, сонымен бірге 7 жастан асқан балалалар да қатыса алады. Балаларға арналған 2 шақырымдық қашықтық балаларға спортпен шұғылданудың көңілді және қызықты екенін көрсеті де оларды белсенді өмір салтына баулып, оларда құнды өмірлік дағдыларды қалыптастырады.

Қашықтықтың ұзақтығына қарай бәйгеге қатысу бағасы 3000 теңгеден 9000 теңгеге дейін өзгереді. Студенттерге 50% жеңілдік қарастырылған.

  • Өткізілетін орын: Almaty Arena.
  • Жүгіру қашықтықтары: 2 км, 5 км, 10 км және 21 км.
  • Ұйымдастырушы: «Нұрбанк» АҚ.
Charity Music Run
Фото: АО "Нурбанк"

Charity Music Run төртінші рет өткізілгелі отыр. Жүгіру шарасының басты мақсаттары – онкологиялық аурулардың мәселесіне назар аударту, жүгіру спортын дәріптеу, салауатты ұлт қалыптастыру және салауатты өмір салтына үгіттеу, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын дене шынықтырумен және спортпен белсенді түрде айналысуға тарту.

2018 жылы қатысушылардың тіркеу жарнасынан жиналған қаражат ҚР Педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығына душ пен кір жуу жайларының жұмысын ұйымдастыруға жіберілді. Ем қабылдайтын балалардың ата-аналары онкологиялық бөлімде 5-6 айдан артық уақыттарын көбінесе балаларының қасында өткізеді. Жайларға жөндеу жүргізу арқылы олардың жағдайларын жеңілдетуге тырыстық.

Charity Music Run
Фото: АО "Нурбанк"

2019 жылы қала бойынша 1,2 мың адам қайырымдылық жүгіруге қатысты, солардың арқасында орталықтың онкологиялық бөліміне жілік майын ауыстырып салуға қажетті дің жасушаларын сақтауға арналған дюар – медициналық жабдықтар сатып алынды.

2022 жылы әртүрлі жастағы спортты жақсы көретін 1 500-ден аса адам жүгіру шарасына ат салысты. Қатысушылардың тіркеу жарналары көп функционалды төсектер сатып алуға жұмсалды, бұл төсектер иілу бұрыштарын ауыстыру арқасында сырқаттанған бала денесінің белгілі бір бөліктерін ең ыңғайлы жағдайда ұстауға мүмкіндік бере отырып, емдеу мен сауықтыру шараларын жеңілдетуге көмектеседі.

Charity Music Run
Фото: АО "Нурбанк"

Шараға қатысу үшін келісі сілтемелер арқылы тіркелу керек.

*«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясын иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030303-almatydagy-biregei-qaiyrymdylyq-muzykalyq-zugiru-sarasy-otedi/

pixel