Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп ескертті

Опубликовано:

Тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК дауылдық ескертуіне сәйкес, 28 шілдеде Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде найзағай соғып, қатты жаңбыр, бұршақ жауады деп күтіледі. Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпауға кеңес берді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, соңғы 13 күнде қалыптасқан ауа температурасының жоғарылауына байланысты Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупінің жоғары дәрежесі байқалады.

Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін.

"Төтенше жағдайлар министрінің нұсқауына сәйкес, Алматы қаласында орналасқан құтқару бөлімшелері жоғары дайындық режиміне келтірілді, ал әкімнің м.а өкімімен – қалалық азаматтық қорғау қызметтері, аудандық әкімдіктер, азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару, инженерлік техникасы дайындыққа келтірілді", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, "Қазселденқорғау" бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

"Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз", – деп ескертті Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінде.

ТЖД қызметкерлері сел қаупі бар жерлерде мынадай шара қабылдау қажет екенін айтты:

  • таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
  • егер қауіп төнсе немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтерілу;
  • демалуға тоқтамау керек және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде), сондай-ақ олардың астында лагерьлер құрмаған жөн.

"Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар", – деп атап өтті қалалық ТЖД баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030328-tzd-almaty-taularynda-sel-qaupi-zogary-dep-eskertti/

pixel