Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көпшілік алдында талқылау ұят": Павлодарда кәсіпкерді ұрды деп айыпталған әкім жазаланады

Опубликовано:

Сырым Рушанов
Сырым Рушанов. Фото: NUR.KZ

Кәсіпкерді ұрды деп айыпталған Павлодар ауылының әкімі Сырым Рушановқа қатаң сөгіс жариялау ұсынылды. Мұндай шешімді бүгін Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қабылдады. Оған сот ісіне ұласқан жанжал себеп болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін Әдеп жөніндегі кеңесте ауыл әкімі мен кәсіпкер арасындағы жанжал қаралды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің сарапшылары жанжалды қарауға БАҚ-тағы жарияланымдар себеп болды дейді.

"Жәбірленуші жұрт алдында кешірім сұрауымды талап етті, мен кешірім сұрадым. Өзімді кінәлі деп санамаймын. Бәріміз бір ауылданбыз, кешірім сұрағаным дұрыс болды. Өйткені мұны көпшілік алдында талқылау ұят", - деп түсіндірді Сырым Рушанов Әдеп жөніндегі кеңес отырысында.

Осылайша шенеунікке қатаң сөгіс жариялау ұсынылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Железин ауданында кәсіпкер Павлодар ауылының әкімін сотқа берген. Ер адам шенеунікті өзін ұрды деп айыптағаны туралы жазған едік.

Басылым мәліметінше, 17 маусымда кәсіпкер мен ауыл әкімі павлодарлық дәмханада ортақ досы шақырған іс-шарада болған. Кешке дәретханада ер адамдардың арасында жанжал шығып, жанжал барысында шенеунік кәсіпкердің кеуде тұсынан және басынан ұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030351-kopsilik-aldynda-talqylau-uyat-pavlodarda-kasipkerdi-urdy-dep-aiyptalgan-akim-zazalanady/

pixel