Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оператор РОП"-тың бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды: ол 920 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Шынар Мұқтарова
Шынар Мұқтарова. Фото: Telegram/Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

"Оператор РОП"-тың бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Құзырлы орган мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратура мен Интерполдың көмегімен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген "Оператор РОП" ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарованы экстрадициялады.

"Ол "Оператор РОП" ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде. 27 шілдеде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Антикор сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін іздеуде жүрген "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірлігінде қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030356-operator-rop-tyn-buryngy-quryltaisysy-ekstradiciyalandy-ol-920-mln-tenge-zymqyrdy-dep-kudiktelude/

pixel