Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қаңтар оқиғасына қатысы бар деп күдіктелген тағы бір адамға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Алматыдағы әскерилер.
Алматы қаңтар оқиғасы кезінде. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп күдіктелген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Алматы соттары Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін Қылмыстық кодекстің 272 бабының 2, 3-бөлігі бойынша айыпталған азамат М.ның қылмыстық ісі қаралды.

"М.-ға мынадай қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген айып тағылды. Зорлық-зомбылық, ойран салу, қирату, мүліктің жойылуымен қатар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, яғни Қылмыстық кодекстің 272 бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс. Биліктің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге немесе жаппай тәртіпсіздіктерге арандатуға шақыру, яғни Қылмыстық кодекстің 272 бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс", - деп хабардар етті Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты.

Анықталғандай сот 2022 жылғы 5 қаңтарда М. ТЖ режиміне қарамастан Алматы қаласының аумағында зорлық-зомбылық, бүлік салу, өртеу, мүлікті қирату, жою, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзу, басқа азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіруден бөлек, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанын анықтады.

"Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Билік өкілдерінің заңды талаптарына белсенді бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге үндегені үшін 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген", - делінген сот хабарламасында.

Сотта прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және 4 жылға бас бостандығынан айыруды және рақымшылық туралы заңды қолдана отырып, кесімді жаза - 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты мәліметінше, сот үкімімен М. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Рақымшылық жасау туралы заңды қолдана отырып, кесімді түрде 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030359-almatyda-qantar-oqigasyna-qatysy-bar-degen-kudikpen-tagy-bir-adamga-sot-ukimi-syqty/

pixel