Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еш жер жұмысқа алмайды": 24 жыл бұрын жабылған кәсіпорын жұмысшылары өтемақы талап етуде

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жамбыл облысында 24 жыл бұрын жабылған кәсіпорын жұмысшылары өтемақы үшін соттасып жатыр. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, кәсіпорын жұмысшылары "Қаратау" кәсіпорынында өндірістік жарақат алып, өздеріне тиесілі өтемақы алмаған. Облыстық сотқа жүгінген бұл тұрғындар 1999 жылы банкрот болған "Қаратау" фосфор зауытында жұмыс істеген. Айтуларынша, бірі жұмыс барысында қолынан айырылса, енді бірі өндіріс кезінде жанарынан айырылған. Кәсіпорын жұмысшылары 70 жасқа дейін өтемақы алуымыз керек дегенді айтады.

"Жасым келмек түгілі мүгедіктікпен еш жер жұмысқа алмайды ғой. Кімге керек оң қолы жоқ адам?! Сол үшін әділеттілік іздеп жүрміз әлі күнге дейін", - дейді тұрғын Ерлан Садырбаев.

Сол кәсіпорында жұмыс істеген Бауыржан Тазабектің сөзінше, 34 мың теңге өтемақы ғана есептеп берген. Олар бұндай өтемақыға келіспейтіндерін жеткізген.

Кеншілер өтемақыны талап етіп, 8 жыл бұрын сотқа жүгінген. Сот шешіміне сәйкес банкроттық басқарушы мүмкіндігі шектеулілерге 334 миллион теңге берілуі тиіс деп тапқан.

Аймақтағы еңбек инспекциясы бұл қаржының қалай есептелгенін түсіндірді.

"Ең бірінші ең төменгі жалақы мөлшерімен есептеледі. Одан кейін айлық есептік көрсеткішпен, одан кейін шынайы инфляциямен есептеледі. Яғни, осындай 3 өзгеріс болған кодексте. Осы өзгерістерге сәйкес жүргізілген есептеулер сомасы 334 млн теңгені құрады",- дейді облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Сейдалиев.

Телеарна мәліметінше, жұмысшылар соттың бұл шешіміне қарсы. Олар өз есебіне сүйеніп 1,6 миллиард теңге өндіріп беруді сұрап отыр. Ал аймақта өткен сот отырысы құжаттарды зерделеу үшін шешім шығаруды кейінге қалдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030361-es-zer-zumysqa-almaidy-24-zyl-buryn-zabylgan-kasiporyn-zumyssylary-otemaqy-talap-etude/

pixel