Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларымен кіреберіс маңында ұйықтаған: Ақтауда екі баланың анасының үстінен шағым түсірілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кіреберістің жанында ұйықтап жатқан әйел
Кіреберістің жанында ұйықтап жатқан әйел. Кадрдан үзінді: Instagram.com / @podslushano_aktau

Ақтауда балаларымен бірге кіреберістің жанында ұйықтаған әйелдің ата-аналық құқығы шектелуі мүмкін - қалалық білім басқармасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа шағым түсірді, деп хабарланды "Астана" телеарнасында.

Білім басқармасының журналистерге берген ақпаратына сәйкес, қазір екі және үш жастағы бүлдіршін балалар үйіне тапсырылды. Мамандардың сөзінше, балалардың анасы бір аптаның ішінде оларға бір-ақ рет келген.

"Анаға қатысты Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ата-ана болу құқығын шектеу туралы талап арыз берілді.

Сондай-ақ бұл мәселе Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады. Ол мас болғандықтан, өзінің жағдайын түсіндіре алмады", - деп түсіндірдІ Ақтау қалалық білім бөлімінің балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Жұлдыз Ағманова.

Еске салсақ, оқиға 16 шілдеден 17 шілдеге қараған түні болған. Әйел кіреберістің жанындағы бетон жерде ұйықтап қалған, ал жанында екі баласы жатқан. Куәгерлер бұл жайтты видеоға түсіріп, полиция шақыртқан.

Оқиғадан кейін білім бөлімінің мамандары әйелді түсіндірме әңгімеге шақырған. Бірақ түсіндірме әңгімеге де әйел мас күйінде келген.

Телеарнаның мәліметінше, қазақстандық әйел 38 жаста. Ол Жамбыл облысынан келген. Ақтауда пәтер жалдап тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030382-balalarymen-kireberistin-zanynda-uiyqtagan-aqtauda-eki-balanyn-anasyna-sagym-tusirildi/