jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте тінту кезінде 23 мың жалған доллар табылды (видео)

    Жалған доллар валютасы
    Жалған доллар валютасы. Кадрдан үзінді: t.me/afm_rk

    ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласында аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан бір топ адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

    Агенттіктің хабарлауынша, тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 келі болатын оралған гашиш табылып, тәркіленген.

    Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    Шымкенттің екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Агенттікте Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

    Сондай-ақ агенттік өкілі Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.