Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда АИТВ-инфекциясы анықталған аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетілді

Жарияланған күні:

Медициналық қызметкер
Медициналық қызметкер. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда үш пациенттің АИТВ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетіліп, тағы бірнеше қызметкер қызметінен босатылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметековның айтуынша, эпидемиологиялық тексеру нәтижесі бойынша ОКҚА-да үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі ең алдымен, адами фактормен байланысты екені анықталған.

Иран Шаметековтің сөзінше, комиссия АИТВ инфекциясын жұқтыруы – орта медициналық персоналдың жекелеген қызметкерлерінің инвазивті манипуляциялар жүргізу кезінде операциялық рәсімдер стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылаудың болмауымен байланысты деген қорытындыға келген.

"Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, комиссия қорытындысы негізінде басқарма шешім қабылдады: Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының б тармақшасы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н. Б. Табынбаев жұмыстан шеттетілді", - дейді Иран Шаметеков.

Сонымен қатар ол Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 16 тармақшасының негізінде эпидемиология бойынша бас дәрігердің орынбасары, реанимация меңгерушісі, стационардың бас медбикесі және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі теріс себептерімен жұмыстан босатылғанын атап өтті.

Комиссия жұмысының қорытындысы бар анықтама материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау және әрбір жауапты тұлғаның жауапкершілік шарасын одан әрі айқындау үшін қалалық полиция департаментіне жіберілген.

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында үш пациенттен АИТВ инфекциясы анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын бастаған еді.

Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясын таратқан болуы мүмкін пациент анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030493-almatyda-aitv-infekciyasy-anyqtalgan-auruxananyn-bas-darigeri-zumystan-settetildi/