Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаматтарға арналған үкімет" МК-нің Абай облыстық филиалының директоры ұсталды

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ-тан Абай облыстық филиалының директоры ұсталды. Ол жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінген. Бұл туралы ҰҚК Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Комитет мәліметінше, 2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК-нің Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директорын ұстаған.

"Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағында (едәуір мөлшерде пара алу) көзделген жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030497-azamattarga-arnalgan-ukimet-mk-nin-abai-oblystyq-filialynyn-direktory-ustaldy/