Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында қызық көріп жүк пойызына мінген шетел азаматтары жауапқа тартылды

Опубликовано:

Жүк пойызы
Жүк пойызы. Көрнекі фото: pexels.com

Қызылорда облысында жүк пойызымен "серуендемек" болған Германия және Нидерланды азаматтары жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа- порталы хабарлады.

Басылым жазуынша, Қызылорда облысы Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС қызметкерлерінен жүк пойызы вагондарының бірінде бөгде адамдардың бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Тексеріс барысында көлік полицейлері 24 жастағы Нидерланды азаматы мен 25 жастағы Германия азаматын анықтаған.

Белгілі болғандай, аталған шетел азаматтары маусым айының соңында елімізге туристік сапармен келген. Ал жүк пойызына қызық көріп, көңіл көтеру үшін мінген.

Құқық бұзғандарға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 560-бабының 1-бөлігі (Жүк пойыздарында заңсыз жүрiп-тұру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.

Көлік полицейлері вагондардың баспалдағында тұру, төбесінде және адамдар жүруге тыйым салынған басқа да жерлерде жүру қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратынын еске салды.

"Теміржол – аса қауіпті аймақ! Сондықтан әрбір азамат теміржол көлігінде жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет", - дейді көлік полицейлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030499-qyzylorda-oblysynda-qyzyq-korip-zuk-poiyzyna-mingen-setel-azamattary-zauapqa-tartyldy/

pixel