"Азаматтарға арналған үкімет" филиал басшысының ұсталуына байланысты түсініктеме берді
Жарияланған күні:
Читать на русском"Азаматтарға арналған үкімет" Абай облысы бойынша филиалы басшысының ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін БАҚ мемлекеттік корпорацияның Абай облысы бойынша филиалы директорының ұсталғаны туралы ақпарат жариялады.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" ішкі қауіпсіздік басқармасы өз құзыреті аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауда.
Абай облысындағы жағдайға қатысты мынаны хабарлаймыз: филиал директорына қатысты ақпаратты құқық қорғау органдарына біздің қызметкерлер мамыр айында берген. Бұл жұмыс бірлесіп жүргізілді", - деп түсіндірілді мемлекеттік корпорацияда.
Еске сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ-тан Абай облыстық филиалының директоры ұсталды. Ол жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінгені туралы жазған едік.
27 шілдеде ҰҚК-нің Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директорын ұстаған.
"Ол Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2-тармағында (едәуір мөлшерде пара алу) көзделген жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030515-azamattarga-arnalgan-ukimet-filial-bassysynyn-ustaluyna-bailanysty-tusinikteme-berdi/