Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5 адамды аңшы мылтығымен өлтірген": атышулы Игорь Дужновтың үйін сот орындаушылары тартып алды

Опубликовано:

мылтық
Мылтық. Көрнекі фото: Хабар 24

2021 жылы Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың даулы үйін бүгін сот орындаушылары ақыры күшпен тартып алды. "Үйді бермеймін" деген қылмыскердің әйеліне бұл жайында бір апта бұрын да ескертілген, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Арна мәліметінше, сот орындаушылары Игорь Джуновтың жұбайынан дүние-мүліктерін жинап, өз еркімен баспананы босатуды сұраған. Бірақ Анаида Демирчян полиция мен арнайы жасаққа қарсылық көрсетіп, бірде суицид жасайтынын айтса, енді бірде өзін өртемек болған. Сот орындаушылары бұл жолы қулыққа барып, басқаша әрекет етті.

"КТК" арнасының мәліметінше, сот орындаушылары бұл жолы арнайы жасақты алып, қанды оқиға болған үйдің есікігін бұзып, ішке кіре алған. Сот қаулысын орындауға келгендер үйді толықтай тінту кезінде қару табылғанын айтады. Сол себепті таңнан бері үйдің маңайына жан баласын жақындатқан жоқ. Аумақ толық қоршауға алынып, баспана ішінде сот орындаушылардан бөлек, полицияның жедел-тергеу тобы да тексеру жүргізіпті. Ал бір ай бұрын "өзімді өртеймін" деп байбалам салып, сот орындаушыларын қуып шыққан Дужновтың жұбайы бүгін үйге өзі кіре алмай әлек.

"Бұл үй маған тиесілі. Баспананы оңайлықпен босатпаймын. Өзгенің атына заңсыз тіркеген. Осыдан бір ай бұрын ғана 13 қыркүйекке дейін ешкім мені орнымнан қозғамайтындығы айтылған еді. Сол уақытқа дейін құжаттарды реттеп сотта да, қылмыстық істе де үйдің менікі екенін дәлелдеймін деп отырғанмын. Қазір іште сіңілім қалды. Барлық менің жеке дүниені рұқсатымсыз далаға шығарып тастап жатыр екен", - дейді Анаида Демирчян.

Арна мәліметінше, соттың қаулысын орындауға келген мамандардың жанында арнайы жасақ пен полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем де бар.

Арна мәліметінше, жеке сот орындаушы Дужнов отбасын бұған дейін 5 рет шығаруға әрекеттенген. Бірақ барлығында да көрсетіп жатқаны тек қарсылық. Бір ай бұрын тіпті үйге ешкімді кіргізбеген Анаида Демирчян үймен қоса өзін де өртеп жіберемін деп сес көрсеткен болатын. Сол себепті іс кейінге қалдырылып келді.

"Сот шешімімен үйден мәжбүрлі түрде шығару жүріп жатыр. Сол себепті бүгінгі таңда ескертілген Анаида Демирчянға ескертіліп, бүгінгі таңда гос органдардың қатысуымен барлық мүлкі актіленіп, қоймаға жіберіледі. Үйді толық босатқаннан кейін үйдің иелеріне береміз", - сот орындаушысы Алмасбек Елтоқов.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2021 жылдың қыркүйек айында болған. Игорь Дужнов өз үйінде сот қаулысын орындауға келген 5 адамға аңшы мылтығымен оқ жаудырды. Салдарынан екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза тапты. Оған өмірі бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қазір қауіпті қылмыскерлерге арналған "Қара бүркіт" түрмесінде отыр. Ал жұбайы қанды оқиғаға себеп болған Ақбұлақ ықшамауданындағы аталмыш үйді 2 жылдан бері босатпай жүрген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030525-5-adamdy-ansy-myltygymen-oltirgen-atysuly-igor-duznovtyn-uiin-sot-oryndausylary-tartyp-aldy/

pixel