jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Талғарда дәретханаға құлап кеткен 2020 жылғы бала мен 2013 жылғы әпкесі құтқарылды

Дәретханаға құлаған балалар мен ТЖД қызметкері
Дәретханаға құлаған балалар мен ТЖД қызметкері. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы облысы, Талғар ауданында 2020 жылы туған бала қазылған дәретханаға құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын шұңқырға түсірген. Бірақ ер адам өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.

"2023 жылдың 28 шілдесінде сағат 18.45-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылында 2020 жылғы баланың дәретханаға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 км қашықтықтағы оқиға орнына барды.

Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала дәретханаға құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені анықталды. Бірақ ер адам өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмаған", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен техникасы сағат 18.54-те балаларды дәретханадан шығарған.

Балаларға жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Талғарда дәретханаға құлап кеткен 2020 жылғы бала мен 2013 жылғы әпкесі құтқарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.