Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апаты
Жол апаты. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қостанай облысының Қостанай-Сарыкөл автожолында жол апаты орын алды. Жол көлік оқиғасы кезінде Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция хабарлауынша, қалған үш жолаушы ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында аяғы ауыр келіншек те бар.

"ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған.

Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция.

Полиция мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Қазір қылмыстық кодекстің 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030543-qostanai-oblysynda-zol-apatynan-eki-zurgizusi-qaitys-boldy/

pixel