Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада полицей атын жамылып, өзбекстандық азаматтан ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: Polisia.kz

Астанада полицей атын жамылған ер адам Өзбекстан азаматынан 200 мың теңге бопсалаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адам шетелдік азаматтан белгісіз әйелді жәбірлегенің үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпаймын деп 200 мың теңге талап еткен.

Полиция күдікті 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты алған жерде ұсталғанын мәлім етті.

"Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", - деді полиция өз мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030556-astanada-policei-atyn-zamylyp-ozbekstandyq-azamattan-aqsa-bopsalagan-kudikti-ustaldy/

pixel