jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстандық әскери техника Ресейге жөнелтіліп жатқаны рас па: Қорғаныс министрлігі жауап берді

Танк
Танк. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өзінің ресми Telegram-арнасында әскери техниканың Ресейге тасымалдануына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді - аталған техника Қазақстан Республикасына тиесілі емес.

Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарай бастаған.

"Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады", - дейді ведомствода.

Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды.

"Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қазақстандық әскери техника Ресейге жөнелтіліп жатқаны рас па: Қорғаныс министрлігі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.