Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 градус ыстық: еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Ыстық ауа райы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Дүйсенбі, 31 шілдеде Алматыда найзағай ойнайды, ал Шымкент пен Астанада күн ашық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Синоптиктердің болжауынша, Алматыда найзағай ойнап, жауын-шашын күтіледі. Жел 13 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін көтерілсе, түнде 21-23 градус болады.

Астанада күн жауын-шашынсыз, күндіз 29-31 градус ыстық болады, түнде 17-19 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с.

Шымкентте бүгін синоптиктер аптап ыстық күтіледі. Күндіз ауа температурасы 38-40 градусқа көтерілсе, түнде 22-24 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030623-40-gradusqa-deiin-ystyq-elimizdin-iri-megapolisterinde-aptap-ystyq-kutiledi/

pixel