Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда тойда болған жаппай төбелеске арнайы жасақ тартылды (видео)

Опубликовано:

Арнайы жасақ
Арнайы жасақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде тараған видеода мейрамхананың сыртында арнайы жасақ сарбаздарын көруге болады. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Басылымның әлеуметтік желідегі ақпаратқа сілтеме жасап жазуынша, 30 шілдеге қараған түні Ақтаудағы мейрамханалардың бірінің жанында мекемеге келушілер мен полицейлер арасында жанжал шыққан. Кейін көмекке арнайы жасақ келген.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің ақпаратынша, 30 шілде күні Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінен бойжеткеннің көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау келіп түскен.

"Аталған факті бойынша 22 жастағы жас жігітке қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Тәртіп сақшылары оқиға туралы өзге мәліметті жариялаған жоқ.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдепті сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030648-aqtauda-toida-bolgan-zappai-tobeleske-arnaiy-zasaq-sarbazdary-tartyldy-video/

pixel