Түркияда шағын автобус апатқа ұшырады: СІМ зардап шеккен қазақстандықтар туралы айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүркияда түнде болған жол апатының мән-жайы белгілі болды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы жайында айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, 30 шілде күні таңертең Аланияда шағын автобус жол-көлік апатына ұшыраған. Автобустың ішінде Қазақстанның 12 азаматы болған.
"Түркия полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жүк көлігіне қатты жылдамдықта соғылған. Соқтығыс салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді", - деп хабарланды СІМ баспасөз қызметінде.
Барлық мән-жайды біліп, қазақстандықтардың денсаулығы туралы ақпаратты анықтау үшін қазақстандық консул дереу Аланияға барған. Онда ол медициналық мекемелерді аралап, зардап шеккен отандастармен кездесті.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның 12 азаматының екеуі орташа ауыр халде. Оларға бүгінде ота жасалған және барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендердің барлығында медициналық сақтандыру бар.
"Анталиядағы қазақстандық дипломаттар азаматтарымызбен тұрақты байланыста болып, тиісті жұмыстарды атқаруда", - деп атап өтті СІМ.
Түркияда болған апатта зардап шеккен қазақстандықтар
Кеше БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тараған болатын. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған.
Жергілікті NTV басылымы ақпаратынша, Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан.
Бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, шағын автобуста Қазақстан азаматтары болғанын растады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030650-turkiyada-sagyn-avtobus-apatqa-usyrady-sim-zardap-sekken-qazaqstandyqtar-turaly-aitty/