Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында банк қызметкері 600 млн теңгеден астам қаражат ұрлаған

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: pexels.com

Қызылорда облысында 600 млн теңгеден астам қаражат ұрлады деген күдікпен банк қызметкері ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

ҚМА дерегінше, банк қоймасындағы қаражатты тексеру барысында 602 900 000 теңге жетіспейтіндігі анықталған.

Контроллер-кассир шамамен 1 млн теңгеден 4 млн теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, кассадан ұрлағаны анықталды.

Банктің 2021-2023 жылдар аралығындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді, онда кассадан халаттың жеңіне оралған ақшаларды шығару арқылы ұрлау фактілері тіркелген.

Ведомство мәліметінше, күдікті жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты толық мойындады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында букмекерлік кеңседен оның атына тіркелген шотынан ақпарат алынып, соңғы 3,5 жылда есепшотқа 158 млн теңге түскені анықталды.

Сондай-ақ оның атына және жұбайының атына тіркелген абоненттік нөмірлерден букмекерлік кеңселердің есепшотына ақша аудару бойынша операциялар жүргізілгені туралы ақпарат келіп түсті.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайтыны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030658-qyzylorda-oblysynda-bank-qyzmetkeri-600-mln-tengeden-astam-qarazat-urlagan/

pixel