jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Талдықорған орталығында жұп жыныстық қатынасқа түскен

    Ғашықтар. Көрнекі сурет
    Ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Әлеуметтік желіде Талдықорған орталығындағы алаңда жыныстық қатынасқа түскен жұптың видеосы тарады. Жағдайға қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімет берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қала орталығындағы алаңда кекс", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

    Жетісу облысының полиция департаменті мәліметінше, видеоға түсіп қалған адамдар анықталды.

    Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" және 440-бабы "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Ведомство мәліметінше, жұп айықтыру мекемесіне орналастырылды. Жиналған материалдар сотқа жіберіледі.

    Еске сала кетейік, бұған дейін де ұқсас жағдай болған. Қарағандыда куәгерлер жұптың көшеде жыныстық қатынасқа түскенін видеоға түсіріп алған болатын. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдіргені туралы жазған едік.

    Фотода ер адам мен әйел Майқұдықтың төменгі жағындағы шағын саябақта оңаша қалуды ұйғарғанын көруге болады. Тұрғындар жұптың бұл әрекетіне шағымданған. Олар суретті әлеуметтік желіге салып, жағдайға назар аударуды сұрады.

    Талдықорған орталығында жұп жыныстық қатынасқа түскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.