Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ер адамның қолына кісен салуда
Қолы кісендеулі ер адам. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістандық полицейлер алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адамды ұстады. “Cyberpol” арнайы тобының қызметкерлері күдіктіні Шымкент қаласында қолға түсірген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті қызылордалық және оның Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Ведомство мәліметінше, шығын көлемі 6 млн теңгені құраған.

"Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни, алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан", - делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030682-symkentte-alayaqtyqtyn-45-faktisine-qatysy-bar-kudikti-er-adam-ustaldy/

pixel