jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Тамыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер тамыз айына арналған Қазақстан бойынша консультативті ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, тамыз бастала салысымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы аздап төмендейді деп болжануда:

  • республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +12...+22°С-тан +10...+18°С-қа дейін, күндіз +30...+35°С-тан +22...+30°С-қа дейін,
  • оңтүстік өңірлерде түнде +20...+27°С-тан +18...+23°С-қа дейін, күндіз +34...+42°С-тан +28...+35°С-қа дейін.

Сонымен қатар:

  • батыста түнде +13...+20°С-тан +20...+25°С-қа дейін, күндіз +25...+30°С-тан +33...+41°С-қа дейін;
  • оңтүстік-батыста түнде +20+25°С-тан + 25+30°С-қа дейін ыстық күтіледі, күндіз +30...+40°С шегінде сақталады.

Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршақпен ауысып отырады.

Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде +13...+20°С-тан +8...+15°С-қа дейін, күндіз +17..+25°С-тан +23...+30°С-қа дейін ауытқуы, оңтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасының негізгі фоны түнде +13...+22°С, күндіз +28...+38°С күтіледі.

Тамыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.