Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайы орташа ауыр": Павлодарда мектеп оқушысы соққыға жығылған

Опубликовано:

Көшеде отырған жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда көшеде ауыр соққыға жығылан мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс ашқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баланың соққыға жығылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 13 жастағы жасөспірім бірнеше жарақатпен ауруханаға түскен.

"Көпетеген көгерген жері бар, екі жоғарғы және төменгі аяғы, беті, басы, арқасы, кеудесі мен іші сыдырылған. Жалпы жағдайы алған жарақаттары салдарынан орташа ауыр деп бағалануда. Барлық тиісті емдік, диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде", - деді ведомстводан.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, факті тіркеліп, барлық қатысушы анықталған. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс ашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030750-zagdaiy-ortasa-auyr-pavlodarda-mektep-oqusysy-soqqyga-zygylgan/

pixel