Нұрәли Әлиев "Транстелеком" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Жарияланған күні:
"Транстелеком" АҚ директорлар кеңесінің құрамы сайланды. Оны Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі - Нұрәли Әлиев басқарады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды.
"Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Транстелеком" АҚ (Астана) KASE-ге компанияның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сайланғанын хабарлады", - делінген хабарламада.
Кеңес құрамына:
- Әлиев Н.Р.;
- Покупателев Д.А.;
- Өтемұрат Б.М.;
- Гумаров Э.М.;
- Ахметжанов А.М.;
- Аниховский В.А.;
- Ибраимов К.У.
Құжатта, шешімге сәйкес Нұрәли Әлиевтің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. "Транстелеком" АҚ ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрәли Әлиев алғаш рет 2016 жылғы 4 тамыздағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030757-nurali-aliev-transtelekom-direktorlar-kenesinin-toragasy-bolyp-sailandy/