jitsu gif branding logo appbranding logo app

    ШҚО-да көлік жүргізушілері жанармай тапшылығына шағымданды

    Жанармай бекетінде
    Жанармай құю бекеті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шығыс Қазақстан облысының көлік жүргізушілері өңірдегі кейбір жанармай құю бекеттері жанармайды тек талонмен ғана беретінін айтты. Мән-жайды жауапты ведомство түсіндірген, деп хабарлады YK-news.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылым редакциясына Шығыс Қазақстан облысындағы бензин тапшылығы бар кейбір өңірдің жүргізушілері хабарласқан. Автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, Серебрянск, Белоусовка, Глубоковский, Самар аудандарында және Риддерде жанармай құю бекеттерінде бензин сатуға шектеу қойылған.

    Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында жағдайға қатысты пікір білдірді.

    "Бензин тапшылығы негізінен шағын жанармай құю бекеттерінде байқалады. Өскеменде жағдай тұрақты. Алтай ауданына келетін болсақ, АИ-92 бензині барлық жанармай құю бекетінде бар, АИ-95 бензинін бір ғана жанармай бекетінде талонмен береді. Бұл оларда бензин аз қалған соң орын алған, бірақ 15 тонна бензин жолда келе жатыр.

    Риддерде кейбір жанармай құю бекетінде ғана АИ-95 бензині талонмен беріледі, АИ-92 бензині қолжетімді", - дейді Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы сауда бөлімінің бас маманы Жадыра Ерланова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.