Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда есірткіні қарбыздың ішіне жасырып, шекара аспақ болған адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

қарбыз
Қарбыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда есірткіні қарбыздің ішіне жасырып шекара асырмақ болған 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Astana арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, тексеру барысында қарбыз толы жүк көлігінен 59 килограмм "героин" табылған. Улы заттың нарықтағы құны 2,5 млн теңгені құрайды.

"Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхметқалиев.

Телеарна дерегінше, жүк көлігі Қырғызстаннан Ресейге қарбыз тасымақ болған. Қазіргі уақытта есірткі қылмысына қатысы бар өзге де тұлғалар мен ұйымдастырушылары іздестіріліп жатқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030783-pavlodarda-esirtkini-qarbyzdyn-isine-zasyryp-sekara-aspaq-bolgan-adam-ustaldy-video/

pixel