jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды облысындағы балалардың жаппай улануы: Бас прокуратура жағдайды бақылауға алды

Аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: Pixabay.com

Қарағанды облысындағы әлеуметтік орталықта балалардың улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Құзырлы органның мәліметінше, 31 шілдеде балалардың тамақтан улану фактісі бойынша "Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ Қылмыстық кодекстің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қылмыстық іс Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорларының бақылауына қабылданды", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылып, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.

Құзырлы орган тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу шеңберінде жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға аталған мекемелерді кешенді тексеруді ұйымдастыруды тапсырды.

Сонымен қатар оқиға орнына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аттанды.

"Медициналық көмек көрсету үшін Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші мамандарының тобы жіберілді", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Қарағандыдағы әлеуметтік орталықта балалардың жаппай улануына байланысты министрдің бұрын Қосшы қаласына жоспарланған жұмыс сапары 2023 жылғы 2 тамызға ауыстырылған.

Айта кетейік, Қарағанды облысында әлеуметтік орталықта бірнеше бала уланып, ауруханаға жатқызылған. Жаппай улану салдарынан бір баланың көз жұмғаны белгілі болды.

Қарағанды облысындағы балалардың жаппай улануы: Бас прокуратура жағдайды бақылауға алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.