Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет Қонаев қаласының бас жоспарын қабылдады

Опубликовано:

Құжат
Құжат жазып отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қонаев қаласын дамытудың жаңа стратегиясы айқындалды. Таяу кезде қаланы дамытудың негізгі бағыттары үкіметтің тиісті қаулысымен бекітілген Қонаев қаласының Бас жоспарында көрсетілген. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.

Бас жоспардың негізгі мақсаты – оның барлық элементін өзара байланыстыра отырып, өнеркәсіптік-коммуналдық және рекреациялық аймақтарды ұтымды бөліп, жайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру. Жоспарда қаланың перспективалық шекарасына қосылатын елді мекендер мен тұрғын үй кешендері де ескеріледі.

Жоспарды іске асырудың есептік кезеңі 2050 жылға дейін жалғасады. Жоспарға сәйкес, осы кезеңде қала өңірдің заманауи көпфункционалды әкімшілік, қаржы және мәдени, өнеркәсіп-инновациялық, көлік-логистикалық, ғылыми-білім беру орталығына, сондай-ақ Алматы агломерациясының инновациялық-индустриялық, азық-түлік белдеуі, мұнай өңдеу, газ өңдеу және мұнай химиясы орталығына айналуға тиіс. Одан бөлек қаланың Алматы облысының басты туристік бағыттарының бірі, судағы демалыс орны және су спорты, туризм, аң аулау және балық аулау орталығы ретінде әлеуеті зор.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін Жоспарда экономикалық қызмет, тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіпті дамыту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақтау жүйелері, инженерлік, көлік инфрақұрылымы және көше-жол желісі, көгалдандыру, жылу, электр, газ, сумен жабдықтау, су тарту және т.б. жөніндегі іс-шаралар көрсетілген.

Өңірдің көлік-логистикалық жүйесін жаңғыртуға және одан әрі дамытуға жақсы серпін берілетін болады. Қонаев қаласының авиация, теміржол, жол және су көлігін қолданудағы көлік-логистикалық жүйесінің мультимодальдығы оны Алматы облысындағы орталық көлік-логистикалық хабқа айналдырмақ.

Жасыл электр энергиясын өндіру көздері – Қонаев қаласының индустриялық-инновациялық дамуының маңызды аспектісі.

Қаланың әлеуметтік саласын дамытудағы басымдық – оны Алматы облысының және өңірдің туризм, демалыс, спорттық демалыс орталығы статусына сәйкес келетіндей етіп дамыту.

Бас жоспарға мынадай мақсаттар енгізілген:

  • жалпы ауданы 2 538,2 мың шаршы метрлік жаңа тұрғын үй салу;
  • өзн-өзі жұмыспен қамтығандар деңгейін 18 пайызға, жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,2 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,8 пайызға дейін төмендету;
  • мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелер санын екі есеге көбейту;
  • Денсаулық сақтау жүйесінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардағы төсек-орын санын, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін нысандарды, сондай-ақ жедел жәрдем станциялары мен көліктер санын екі есеге арттыру.

Үкіметте 2022 жылғы мамырға дейін қала Қазақстан Республикасы үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы қаулысымен бекітілген Қапшағай қаласының Бас жоспарына сәйкес дамыған. Кейін 2022 жылғы 3 мамырда қала атауы Қонаев болып өзгертілгені атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030857-ukimette-qonaev-qalasynyn-bas-zospary-qabyldandy/

pixel