Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрлігі академиясының взвод командирі ұсталды

Опубликовано:

ТЖМ қызметкері
ТЖМ қызметкері. Көрнекі фото: ortcom.kz

Көкшетауда Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу-жаттығу бөлімшесінің взвод командирі ұсталды. Ақпаратты Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жіберілген арнайы хабарламада күдіктіні Антикор ұстады деп жазылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының әскери оқу бөлімінің взвод командирі Ислам Ерназар баланы білім беру мекемесіне қабылдау үшін қазақстандық әйелден 2,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Ақпаратқа қатысты Ақмола облыстық сотында түсініктеме берілді.

"2023 жылғы 29 шілдеде Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағында ("Пара алу") көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген И.А.Ерназарға қатысты екі айға (2023 жылғы 28 қыркүйекке дейін) қамауға алу туралы қаулы шығарылды", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030881-totense-zagdailar-ministrligi-akademiyasynyn-vzvod-komandiri-ustaldy/

pixel