Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда видео үшін қарияны ұрып-соқты деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Опубликовано:

Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірім қарт адамды ұрып-соғып жатқаны көрсетілген. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жарияланған видеода жасөспірім көшеде кетіп бара жатқан қарт адамға жақындап, онымен сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Видеоға түсіріп тұрған екінші бала оған ер адамды ұруды ұсынған.

Кейін жасөспірім жасы үлкен ер адамның бетінен бірнеше рет ұрып, қанағаттанған қалпында бейнекамераның алдына келген.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталған.

Аталған іс бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасында тергеу жүргізілуде.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030945-almatyda-video-usin-qariyany-uryp-soqqan-zasospirim-ustaldy/

pixel