Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүйе істен шықпағанда, мұндай түтін болмас еді": Алматы ТЖД Ақкенттегі өртке қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ерлан Әлібеков
Ерлан Әлібеков. Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков брифинг кезінде Ақкент ықшамауданындағы 16 қабатты үйде шыққан өртке қатысты ақпарат берді. Оның сөзінше, үйдің оңтүстік жағында өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс болмаған. Сондықтан бордюрлерді қолмен бұзуға тура келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

Әлібековтің айтуынша, үйдің оңтүстік жағында өрт сөндіру техникасы үшін кіреберіс жоқ, сондықтан бордюрлерді қолмен бұзып, өрт сатысын өткізуге тура келген.

"Елестетіп көріңізші, оны бұзу үшін уақыт қажет болды. Осында айта кету керек, ауданның барлық тұрғыны кондиминумның өкілдері болып табылады және көп пәтерлі үйді өртке қарсы қажеттіліктермен, жүйемен жабдықтауына барлығы да жауапты: Қазіргі жағдай түтіннен қорғау жүйесінің істен шыққанын көрсетті, яғни көпқабатты ғимараттарда қабат-қабат бойынша түтін шығару жүйелері қамтамасыз етілген. Олар істен шықпағанда, қабаттарда мұндай түтін болмас еді", - деді Ерлан Әлібеков.

Әлібеков ғимаратта авариялық шығу люгінің жабық болғаны жағдайды қиындатқан.

"Сонымен қатар бұл үйлердің төтенше жағдай кезінде ғимараттан шығу жолдары болуы керек, кеше қарадық, олар бар екен, бірақ авариялық шығу люгі 5-қабаттан бастап металл баспалдақпен біріктіріліп, дәнекерленген, құлыпталған. Яғни, олар ашық болғанда, онда жоғары қабаттардан адамдар 5-қабатқа түсе алатын еді. Сол жерден-ақ өрт сөндірушілеріміз қолмен өрт сөндіру сатылары арқылы адамдарды эвакуациялай алушы еді", - деді Әлібеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030966-almaty-totense-zagdailar-departamenti-qalada-bolgan-ort-turaly-aqparat-berdi/

pixel