Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы: Балконнан секірген азаматтарды құтқаруға 20 секунд қана жетпеді

Опубликовано:

Алматыдағы өрт
Фото: NUR.KZ

Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков брифинг кезінде Ақкенттегі тұрғын үйдегі өрт кезінде қайтыс болған әйел туралы айтты. Оның сөзінше, өрт сөндірушілердің марқұмды құтқаруына небәрі 20 секунд жетпеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Райымбек батыр көшесіндегі кептеліс пен жол жиегіне тізілген көліктер көмек көрсетуге кедергі келтірді. Барлығы терезеден көмек сұрап жатты, жағдай қалыпты емес еді. Барлық күш адамдарды құтқаруға бағытталды. Егер біз әдеттегі жағдайда 1-2 адамды құтқарсақ, мұнда 80 адамды құтқардық, 16 баланы көтеріп шығардық", - дейді ТЖД өкілі.

Ерлан Әлібековтің сөзінше, терезеден секіруге мәжбүр болғандарды құтқаруға санаулы секундтар ғана жетпеген.

"Өрт сөндіру жетекшісі оқиға орнына келген, ол өртті барлау барысында бірінші кезекте адам өмірін құтқаруға шешім қабылдады. Жетекші жеке құрамның бәрін адам өмірін құтқаруға батыс жаққа жіберді.

Балконнан секірген азаматтарды құтқаруға 20 секунд қана жетпеді. Анасы "мен үлкенмін секіре алмаймын, сендерді сыртта құтқарар" деп жастарды алға жіберген. Біздің жігіттер бесінші қабатқа жетіп, есікті ашып кіріп, анасын құтқарды. Сол сәтте Әсел секіріп үлгерген.

Өрт сөндіру жетекшісіне көмектескендер де, кедергі келтіргендер де болды, "менің баламды, жақынымды бірінші құтқар" деп әрқайсы келіп жатты...

Бізде сатылардан мәселе жоқ, сол уақытта Боткина көшесінде сегіз пәтерлі үй жанып жатты, оған да сатылар жіберілді, Алатау ауданына 4 баспалдақ жіберілді, 90 метрлік баспалдығымыз бар, баспалдақты әкелдік, бірақ ол үлкен болғасын, аулаға кіре алмады", - деді Ерлан Әлібеков.

Әлібеков өртке қатысты лифт кабелі жанған деген болжам жасалып отырғанын алға тартты.

"Лифт шахтасында кабель жанды, өрт ошағы 5-6 қабатта болды деп болжап отырмыз, өртке қатысты басқа ақпаратты жариялай алмаймыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030968-almaty-tzd-bastygy-balkonnan-sekirgen-azamattardy-qutqaruga-20-sekund-qana-zetpedi/

pixel