Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы көпқабатты үйден шыққан өрт: құтқарушылар қандай қиындықпен бетпе-бет келген (фото)

Опубликовано:

кіреберіс
Үйдің ішкі көрінісі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков Ақкент шағын ауданындағы 16 қабатты үйде шыққан өртті сөндіруде қандай қиындықтар болғанын мәлім етті. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде болған брифингте айтылды.

Ерлан Әлібеков кез келген көпқабатты тұрғын үйде тұрақты стационарлық өрт сөндіру жүйелері жұмыс істеуі керек екенін айтты.

"Көпқабатты үйлердегі тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау бойынша әлемдік тәжірибеде стационарлық өрт қауіпсіздігі жүйелерін басшылыққа алады. Яғни, көпқабатты үйлерде стационарлық өрт қауіпсіздігі жүйесі, түтін шығару жүйесі, ішкі өрт гидранттары жүйесі, түтіннен қорғау жүйесі болуы керек, бұл лифт шахталары арқылы тұрғын үйден түтінді шығаруға көмектеседі", - деді ТЖД бастығының міндетін атқарушы.

лифт
Лифт. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сондай-ақ ол бүгінде қалалық гарнизон 2016 жылдан бері 95 пайызға автоцистерналармен және күрделі техникамен жабдықталғанын айтты.

"Адамдар төменгі 5-6 қабаттардан секірген. Кеше өте қиын жағдай болды, қатты дүрбелең болды, қазір түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, мұндай жағдайларда балконға шығу керек, оны дымқыл шүберекпен жауып қоюға болады, осылайша түтін кірмейді балконға, сол жерде күтіп отыруға болады", - деді ол.

оқиға орны
Өрт шыққан үйдің кіреберісі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оның сөзінше, қайғылы оқиға дүрбелеңнің салдарынан болған. Тергеу әрекетінің қорытындысы бойынша болған оқиғаға қатысты баға беріледі.

Төмен түсіп бара жатқан тұрғын
Үй тұрғыны. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"(Тұрғын үйдің - ред.) оңтүстік жағында кіреберіс жоқ болғандықтан, кеше расымен (өрт сөндіру көлігіндегі - ред.) баспалдақтарды жақындата алмаған, биіктігі 10 қабат және одан да жоғары ғимараттарда барлық жағынан кіреберіс болуы керек және бұл кіреберістер мен үй подъезінің ара қашықтығы кемінде 8 метр болуға тиіс. Кеше, бұл қашықтық шамамен 16 метр болған, яғни бұл біздің өрт сөндіру көлігіндегі баспалдақтарымызды орналастыруға мүмкіндік бермеген", - деп түсіндірді Ерлан Әлібеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030980-almatydagy-kopqabatty-uiden-syqqan-ort-qutqarusylar-qandai-qiyndyqpen-betpe-bet-kelgen-foto/

pixel