jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"АлматыЭлектроТранс" компаниясының бұрынғы бас директорына сот үкімі шықты

Бекмырза Игенбердинов
Бекмырза Игенбердинов. Фото: facebook/Bekmyrza Igenberdinov

Алматыда "АлматыЭлектроТранс" компаниясының бұрынғы бас директоры Бекмырза Игенбердиновке қатысты сот үкімі шықты. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Игенбердинов Бекмырза Қайыргелдіұлы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мемлекеттік қызметте, судьяларда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық Банкте және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік секторларда лауазымды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынады, - делінген Жоғарғы соттың сайтында жарияланған сот үкімінде.

Еске салайық, өткен жылдың 30 қыркүйегінде Бекмырза Игенбердинов қамауға алынған болатын. Ол бұрын жасалған келісімдер бойынша атқарылған жұмыс актілеріне қол қойып, ақша аударғаны үшін кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен 150 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

"АлматыЭлектроТранс" компаниясының бұрынғы бас директорына сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.