Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы жекеменшік мектептерде оқу ақысын заң жүзінде төмендету жоспарлануда

Опубликовано:

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: pexels.com / Thirdman

Білім министрлігі дайындаған құжатқа сәйкес, Қазақстандағы жекеменшік оқу мекемелерінде білім алудың ең жоғары бағасын екі есеге төмендету жоспарлануда. Құжаттың толық мәтіні "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жобаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Осылайша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жеке орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшері 600 АЕК-ке дейін азайтылуы мүмкін. Бұған дейін бұл көрсеткіш 1200 АЕК болған.

Сондай-ақ дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшері 2400 АЕК болса, 1200 АЕК-ке дейін төмендейді.

Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп күтілуде.

"Осы тармақшада көзделген орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшеріне білім алушылардың тұру (интернаттық ұйымдар), оларды жекеменшік орта білім беру ұйымына жеткізу және (немесе) кері қарай тасымалдау, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан тыс қосымша білім беру қызметтері мен білім беру, сондай-ақ ерікті түрде жүзеге асырылатын білім алушылардың тамақтануы үшін төлемақы қосылмайды" , – делінген құжатта.

Құжат 16 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қолданыстағы бұйрықтың мәтінімен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің ресми сайтында танысуға болады.

Также отметим, что в соответствии сЗаконом РК "Об образовании" ,частные организации образования используют доходы от реализации товаров (работ и услуг), предоставленных на платной основе, в том числе за обучение в рамках государственных общеобязательных стандартов образования, средства учредителей и другие, не запрещенные законодательством, источники финансирования самостоятельно.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031053-qazaqstandagy-zekemensik-mektepterde-oqu-aqysyn-zan-zuzinde-tomendetu-zosparlanuda/

pixel