Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетел асып кеткен 300 млн доллардан астам қаржы бюджетке қайтарылады

Опубликовано:

Бума ақша
Бума ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали бір ғана қылмыстық іс бойынша 300 млн доллардан астам қаржы мемлекетке қайтарылатынын айтты. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали "Сұхбат" бағдарламасында бұл бір қылмыстық іс бойынша мемлекет қазынасына құйылатын қаражат екенін атап өткен.

Оның айтуынша, бұған дейін мемлекеттік органдар бірлесе отырып, 850 млрд теңгені бюджетке қайтарған. Аталған ақша мектеп пен аурухана құрылысына жұмсалады.

"Маусым айында активтерді қайтару туралы заң күшіне енді. Енді бұл бағыттағы іс-әрекет жандана түспек. Активтердің шығу тегі күмән тудырса, оны мемлекет кірісіне кіргізу туралы іс-шаралар қолға алынады. Ол жерде нақты процедурасы көрсетілген. Бұл мәселе бірнеше мәрте талқыланды. Қазір біз белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз және бастаған істі тоқтатпаймыз", - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031080-setel-asyp-ketken-300-mln-dollardan-astam-qarzy-byudzetke-qaitarylady/

pixel