Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда оқытушылар студенттердің атынан емтихан тапсырған

Опубликовано:

емтихан тапсырып отырған студент
Емтихан тапсырып отырған студент. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқытушылардың пара алып, студенттердің атынан емтихан тапсыру дерегі бойынша 8 заңбұзушылықты әшкерелеген. Бұл туралы "АқЖайық" басылымы хабарлады.

Облыс басшысы Серік Шәпкеновтың төрағалығымен өткен құқықбұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында облыстық Антикор басшысы Ерұлан Серікқалиев баяндама жасаған.

Ерұлан Серікқалиевтың сөзінше, биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлер 118 іс бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, бірқатар оң нәтижеге қол жеткізген.

"Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің комплаенс-қызметкерлері 8 құқықбұзушылық анықтады. Атап айтқанда, оқытушылардың автоматтандырылған "Платонус" ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта оқу үлгерімі нашар студенттері атынан емтихан тапсырып, бағаларын көтеру мақсатында пара алу фактілері тіркелген", - деді баяндамасында Ерұлан Серікқалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031081-atyrauda-oqytusylar-studentterdin-atynan-emtixan-tapsyrgan/

pixel