Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салымшылардан 215 млн теңге жиналған: Астанада қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Опубликовано:

Кісен мен доллар
Доллар мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада "Sincere Systems" ЖШС басшылығына қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша сот үкім шығарды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған компания 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді және криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинап келген.

"Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылған.

Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды. Азаматтардан жиналған қаражат көлемі 215 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Агенттік ақпаратынша, сот үкімімен "Sincere Systems" ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031100-salymsylardan-215-million-tenge-zinalgan-astanada-qarzy-piramidasynyn-bassysy-sottaldy/

pixel